Бейбітшілік және Келісім Сарайында Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында “Астана кубогі” үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті.

15.06.2019 жылы Бейбітшілік және Келісім Сарайында Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында “Астана кубогі” үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті. Республикалық арнайы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылды.

Сайысқа барлығы 11 жайдарман тобы қатысты.

1. “Жаңа толқын” – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті

2. “Ақпен бірге” – Қазақ Ұлттық  Университеті

3. “Дастан” – Л.Н. Гумилев атындагы университеті

4. «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы

5. “Евразиат” – Л.Н. Гумилев атындағы университеті

6. “Бүгін.kz” – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті

7. “Шатыр” – Семей қаласы

8. “ОҚМПУ” – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

9. “Ару.kz” – Арқалық

 10. “Тұран –Астана” – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.

11. «Миллион» – «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы

Осы аталған 11 команданың ішінен әзілдері жоғары бағаланып, бағы жанғандары:

3-орын “ОҚМПУ”⠀

2- “Қызылорда құрамасы” иеленсе, “Астана кубогін” яғни

1- орынды “Милион” жайдарман тобы еншіледі.

Сонымен қатар, сайыс барысында ширек финалдан сүрінген командаларға жоғары лиганың жартылай финалына жолдама берілді. Олар:

– “Тұран-Астана”

– “Қызылорда құрамасы”

– “Миллион” жайдарман топтары.

000000