1 наурыз – Алғыс айту күні!

Алғыс айту –атамекенінен еріксіз қоныс аударылған түрлі этностардың құтты қоныс, қасиетті қазақ жері мен қазақ халқының қонақжай қалпына шынайы тағзымның белгісі.   Бұл – тыныштық пен үндестік, ынтымақ пен татулық, береке мен бақыт, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған қазақстандық саяси жолдың салтанатты көрінісі.
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, аналар кеңесі, қоғамдық келісім, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, көркемөнер қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшыраған және ұрланған азаматтардың ұрпақтары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.