«Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы

«Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы Бейбітшілік және келісім сарайында өзін бейнелеу өнерінің қазіргі заман галереясы ретінде танытады («PYRAMIDE» The project of Norman Foster). Біздің галереяның 880 шаршы метрінде тұрақты әрекет етуші литография залы орналасқан, онда Сальвадор Дали, Марк Шагал, Пабло Пикассо, сонымен қатар Германия, Ұлыбритания мен Польша қазіргі заман литография шеберлері туындылары қойылған.

«Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы тұрақты экспозициясында Португалия, Түркия, Германия мен Қазақстан атақты суретшілерінің көркем жұмыстары шығарылып қойылған.

«Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы қазақстандық және шетелдік суретшілер көрмесін өткізеді, сондай-ақ шет елдерде қазақстандық заманауи өнерді дәріптеумен айналысады.

Орталықта үлкендерге және балаларға арналған бейнелеу өнерінің студиялары жұмыс істейді. Қызығушылық танытқандар сурет, көркем өнер және композиция бойынша білімдер мен машық ала алады.

«Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығында тұрақты өткізілетін мастер-класстар Астана қаласы студенттері мен жас суретшілері арасында үлкен әйгілікке йе.

«Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы «Байта» Қайырымдылық қорымен бірлестікте балалар шығармашылығын белсенді қолдайды және «Туған Жерім» жылдық балалар суреті конкурсына демеушілік етеді.

2007 жылы конкурс нәтижелері бойынша International Art Club Kulanshi суретшілері Астана қаласының Суретшілер мектебіндегі аз қамтылған отбасыларынан шыққан 4 дарынды баланың жылдық оқу ақысын төледі және оқуға қажет сурет материалдарын алып берді.

«Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы суретшілермен шығармашылық кездесулер, Қазақстан қазіргі заман өнері мен сәндік-қолданбалы өнері бойынша лекциялар мен семинарлар өткізеді. 

 

«Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы

Бейбітшілік және келісім сарайы
Астана қ., Тәуелсіздік к. 57,
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма: 10-00-ден 18-00-ге дейін
Сенбі: 11-00-ден 15-00-ге дейін
Тел.: +7 7172 744 717
Факс : +7 7172 744 709