«ИСЛАМ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ

2017 жылдың 19 сәуір күні «Бейбітшілік және Келісім» Сарайында «ИСЛАМ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ» тақырыбында ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ өтті.
Форумға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Дархан Мыңбай, республика бойынша 500 имам, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінің дін қайраткерлері, Ресейдің Омбы, Алтай аймағының Бас мүфтилері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дінтанушылар қатысты.
Имамдар форумында «ҮЗДІК ЗИЯТКЕР ИМАМ» Тұжырымдамасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымын айқындайтын «ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ – АБУ ХАНИФА МАЗХАБЫ» құжаттары қабылданып, мұсылман жамағатына Үндеу жолдады.