«Ару-АРТ» көркемөнер салоны

«Ару-АРТ» көркемөнер салоны Бейбітшілік және келісім сарайының бірінші қабатында орналасқан. Біздің салонда сіздер киізден, теріден, тоқымадан, ағаштан жасалған қазақтың сәнді-қолданбалы өнерінің бұйымдарын, сонымен қатар Астананың  көрнекті орындары бейнеленген кәдесыйлар ала аласыздар.     

«Ару-АРТ» көркемөнер салоны  қазақстандық Нэлли Бубэ,  Андрей Нода, Ерлан Айтуаров, ГаБо, Лейла Махат, Рафаэль Слекенов, Бақытнұр Бүрдесбеков, Төлеуғазы Байғалиев,  Руслан Ақанаев, Нұрбулан Утепбаев, Фания Исламова,  Серікжан Ищанов және басқа да атақты суретшілер суреттерін ұсынады. 

Көркемөнер салонының жұмыс тәртібі – күнделікті 10.00-ден 18.00-ге дейін,

тел. +7 7172 744-662