“ЭКСПО-2017” Халықаралық Мамандандырылған көрмесі сәтті аяқталды.

2017 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Елордасында “ЭКСПО-2017” Халықаралық Мамандандырылған көрмесі сәтті аяқталды. 3 айға созылған көрмеге 115 мемлекет қатысты. ЭКСПО-2017 көрмесінің мəдени шаралар аясында “Бейбітшілік жəне Келісім Сарайында” “Дон Кихот” балеті, “Қыз Жібек” операсы, Асанəлі Əшімовтің 80 жылдығына арналған “Астана” театр-фестивалі, Қайрат Сүгірбеков атындағы жас режиссерлердің форум-фестивалі, “Ромео мен Джульетта” мюзиклі, Қазақстан Халқы Ассамблеясының фестивалі жəне өзге де шаралар өткізілді.