Қазақстандық суретші Нұрсұлтан Сейітовтың жеке көрмесі

Өнер – барлық уақытта тек қызмет түрінде ғана емес, сонымен қатар көңіл-күй беру және сол уақыттың даму құралы болып саналады. Қарапайым халық пен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын. Осы күнге дейін өнер елдің дамуында маңызды рөл атқарады.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» жас Қазақстандық суретші Нурсултан Сеитовтың жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Экспозиция 39 кескіндеме жұмыстарын қамтиды және «Құланшы» қазіргі заманғы Өнер Орталығы бірінші көрме залында орналасқан.
Сіздерді осы көрмені дүйсенбіден жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін тамашалауға шақырамыз, билеттерді сарайдың кассаларынан алуға болады. Көрме 15 наурызға дейін жалғасады, толық ақпаратты 744-744, 744-717 нөмірлері бойынша алуға болады.