«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында мастер класс өткізілді

«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында  Бейбітшілік және Келісім Сарайының  ұжымына  арналған «Салт-дәстүр – адамдардың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы» атты  тақырыбында  мастер класс өткізілді. Шығармашылық бөлімімен ұйымдастырылған іс-шарада салт-дәстүрді жаңғырту, ою-өрнектерді насихаттау және ажырату мақсатында ұжымға қазақ ою-өрнектері таныстырылды.