«Жас қанат-2018» байқауы!

Елдің ең беделді және өнерлі музыкалық жобаларының бірі 25-27 мамыр аралығында «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» әлемнің ең үздік кезеңі, «Жас Қанат» байқауы  өтеді.
Аты аңызға айналған тарихымен танымал сайыс көптеген талантты жастардың өнер жолын айқара ашпақ. Қазіргі таңда осы жобадан  атып шыққан әншілердің қатарында Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, Бахыт Шадаева, Жанар Дуғалова, Мадина Садвакасова, Маржан Арапбаева, Димаш Құдайбергендер бар.

Биылғы «Жас қанат» жобасына 12 қатысушы бақ сыныспақ. Байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жарқын және тәжірибелі жас орындаушылар жиналған. Олардың қатарында Астана, Тараз, Қарағанды, Алматы, Петропавл, Орал және Ақтөбе облыстарының өнерпаздары бар.

Барлық қатысушыларға тек қана сәттілік тілейміз!