Неферити көрмесі

Ежелгі пирамидалар қазынасы Бейбітшілік және келісім сарайында!

Көрме қарсаңында египет пирамидалары қазынасының көшірмелері Мысырдың жетекші қазбашысы және тарихшысы Захи Хавасс (Dr. Zahi Hawass) тәлімімен елордалық Бейбітшілік және келісім сарайына алғашқы экспонат әкелінді.

Каирдағы Мысыр Мұражайындағы аты аңызға айналған хас сұлу ханшайым кеудесінің лицензияланған көшірмесі Астаналық «Пирамидаға» достастық белгісінде және Қазақстан мен Египет арасындағы ынтымақтастықты бекітуге тарту етілді, сол арқылы Бейбітшілік және келісім сарайының Каирдағы Ежелгілер бойынша Жоғарғы Кеңесімен қатынасының, бас директоры болып Захи Хавасс табылатын, жаңа деңгейі белгіленді.

Аңыздар Мысырдың бұған дейін ешқашан мұндай сұлуды тұғызбағанын жыр етеді. Оны «шүбәсіз» деп атаған; оның келбеті бүкіл ел бойынша ғибадатханаларды көркемдеген. Бірақ ол тарихтан ғайып болды, сағым тәрізді…
XIX ғасырдың 80-жылдарында Ахетатон (қазіргі Тель-эль-Амарна) қаусыраған орындарында зерттеу бастағаннан және қазба жүргізгеннен осы уақытқа дейін Нефертити шығу тегі туралы бірде-бір нақты куәлік табылмаған. Тек патша жанұясы мен ақсүйектер моласы қабырғаларындағы тиянақсыз ескертулер бұл қараңғы патшалықта жарық отын жақты. Дәл сол Амарн мұрағатындағы қабырдағы жазулар мен сына жазулы тақталар мысыршыларға патшайымның қайда туғаны туралы бірнеше болжам жасауға көмектесті. Замануи мысыртануда бірнеше нұсқама бар, олардың әрқайсысы ақиқаттылыққа ұмтылады, дегенмен көшбасшы жағдайды алуға жеткілікті дерек көзімен нақтыланбаған.

Мысыр патшайымы кеудесінің түпнұсқасы Берлин Мысыр Мұражайында сақталуда және б.д.д. 1351-1334 жылдар мерзімімен көрсетілген, әйтсе де кеуденің нақты көшірмесі, Каирдағы Ежелгілер бойынша Жоғарғы Кеңеспен мақұлданған және лицензияланған, өздігінен бірегей өнер туындысы болып табылады.

Нефертити

Б.д.д. XIV ғасыр басы

Қазіргі күнге дейін барлық ғасырлар бойы фараон Эхнатонның сүйікті және жалғыз жан жары, хас сұлу және ең бақытты мысыр патшайымы туралы аңыз жеткен. Бірақ XX ғасыр қазбалары Нефертити есімі және оның патшалық жұбайлары төңірегіндегі аңыздардың қаулап кетуіне әкелді. Әйтсе де оның ғұмыры, махаббаты мен өлімі туралы шынайы мағлұматтар да бар.

Нефертити мысырлық емес, бәрі санайтындай. Ол Месопотамиялық мемлекет, арийлер елі Митанниден шыққан. Ол Мысырға Күннің өзінен келген деп айтса да болады. Арийліктер – Нефертити халқы – күнге табынған. Және мысыр жерінде 15 жастағы Тадучепа есімді ханша пайда болуымен жаңа құдай – Атон келді. Нефертитидің фараон Аменхотеп III-мен некесі тек саяси сипатта болды. Жас сұлуды тонна әшекейлерге, алтынға, күміске және піл сүйегіне ауыстырды және мысыр қаласы Фиваға әкелді. Сол жерде оны жаңа аты Нефертитимен атады және фараон Аменхотеп III гареміне берді. Әкесінің өлімінен кейін жас Аменхотеп IV басқа елдік сұлуды мұрагерлікпен алды. Фараон махаббаты бірден лап етпеді, дегенмен ол оянды. Нәтижесінде жас фараон әкесінің орасан зор гаремін таратып жіберді және әйелін тең басқарушы деп жариялады. Шет ел елшілерін қабылдағанда және маңызды шарттар жасағанда ол Күн құдайы жанымен және әйеліне деген махаббатымен ант берген.

Ақ тастан Атонның алпауыт ғибадатханасы тұрғызылды. Мысыр жаңа астанасы құрылысы басталды – Ахетатон қаласы («Атон көкжиегі»). Ол кескінді алап Фива мен Мемфис арасында салынды. Жаңа жоспарлар шабыттандырушысы фараон жұбайы болды. Енді фараонның өзін Эхнатон атады, «Ұнамды Атону» дегенді білдіреді, ал Нефертитиді – «Нефер-Нефер-Атон». Бұл есім өте әсерлі және символикалық түрде аударылады – Атон сұлулығымен әдемі, немесе, басқа сөзбен айтқанда, күн іспеттес келбет.