Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ведомствоға қарасты ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ съезінде көтерген бастамаларын жүзеге асыру жоспарына сәйкес құрылған.

2008 жылдан бастап Орталық өз қызметін Бейбітшілік және келісім сарайында бастады.

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы келесі мақсаттарда құрылды:

• Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық диалог орталығы ретіндегі рөлін жаңа деңгейге көтеру;

• Қазақстан аумағын мекен етуші халықтардың бейбіт қатар өмір сүруінің және өзара толысуының көп ғасырлық тәжірибесін тарату;

• Қазақстан Республикасы халқының рухани, білім және мәдени деңгейінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу;

• Жақын және алыс шетел елдері арасында мәдени, конфессионалдық және өзге байланыстарды белсендендіру;

• Қазақстан халқының өзінің мәдениетін, дінін, тілін, өзіндік ерекшеліктерін, жүйе құндылықтарын сақтау және дамытуға құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және жағдайлар жасау;

• Шыдамсыздыққа, ксенофобияға, діни наным үшін құдалауға қарсы әрекет бойынша ұсыныстар құру;

• Діни экстремизм мен терроризм қаупін алдын алуда халықаралық бірлестікті дамытуды кеңейту;

• Мәдениет пен дін өкілдерімен кең ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу.

Орталық көп қырлы қызметінің маңызды тапсырмаларының бірі болып әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезді бастамасын насихаттау табылады және дінаралық, этникааралық және мәдениет аралық диалогты дамыту бастамасын алға тартушы шетелдік ұйымдармен тиімді және конструктивті өзара қатынасты жөнге келтіру.

Құрылғаннан бері Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын философия ғылымдарының докторы, профессор Әбуов Айдар Парқұлұлы басқарып келеді. Оның 100-ден астам еңбектері отандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген. А.П. Әбуов Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің хатшылығы құрамына кіреді, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі Өкілетті тұлға болып табылады

Орталықтың кадрлық құрамы Қазақстанның ғалымдары, дінтанушылары, философтары мен саясаттанушыларынан құралған.

Біздің Орталық туралы қосымша ақпаратты www.mckr.kz, , әлемдік және дәстүрлі діндер Съезді туралы www.religions-congress.org. . Web-сайты бойынша таба аласыздар.

 

Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығы

Бейбітшілік және келісім сарайы

Астана қ., Тәуелсіздік к., 57

Тел.: +7 (7172) 211 140