«Fashion House International Kazakhstan» байқауының бас жүлдесінің иегері «Бейбітшілік және Келісім сарайы» МКҚК Дамыту бөлімінің жетекшісі Динагүл Серікқызы Тасова.



«Бейбітшілік және Келісім сарайы» МКҚК Дамыту бөлімінің жетекшісі  Динагүл Серікқызы Тасова Алматыда өткен «Fashion House International Kazakhstan» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Динагүл «Best Model International Kazakhstan 2016» номинациясы мен  «MISS World Kazakhstan Beauty 2016» гран-при иегері атанды.

Айта кету керек жүлдегер жұмыстан тыс уақытта модель ретінде көптеген сұлулық байқауларына да қатысып тұрады. 2015 жылы өткен «Мисс Астана» байқауына қатысып, «Мисс Әдемі-ай» номинациясын жеңіп алған болса, биылғы өткен «Designer Fashion House International – 2016» халықаралық жас дизайнерлер байқауының жүргізушісі және де «Аружан» ән үйінің моделі атанып отыр.

Динагүл Серікқызы байқауға қатысуға үлкен мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін,  «Бейбітшілік және келісім сарайының » бас директоры Әділ Арынға , «Іңкәр Сезім» Этно – Студиясының » президенті Гүлнар Жүнісоваға сонымен қатар қазақ ұлттық киімімен қамтамасыз еткен «Аружан» сән үйінің басшысы Рахима Ерғалиеваға үлкен алғысын білдіреді.                 Үстіміздегі жылы Мәскеуде өтетін «MISS WORLD RUSSIAN BEAUTY» байқауына қатысып, Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Аруға алдағы уақытта тек қана сәттілік пен жеңіс тілейміз.