ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

2017 жылдың 24-наурызында «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» Баспасөз-орталығында Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Жиынға халық ақыны Қонысбай Әбіл, «Бейбітшілік және Келісім» музейінің директорының орынбасары Аманбек Мукашев арнайы келіп қатысты. Қонақтар мерекелік дастарқаннан дәм татты.
Шара барысында «Келушілерге қызмет көрсету секторының» қызметкері Саттарова Айжан бір жасар баласы Санжардың тұсауын кестірді.
Сондай-ақ арқан тартыс, асық ату ойындары ойнатылды.
«Бейбітшілік және Келісім Сарайының» ұжымы Наурыз мерекесіне орай бір дастарқан басына жиналып, бір-біріне деген ақ тілектерін білдірді.