Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән фестивалі

2017 жылдың 3 қыркүйек күнi сағат 18.00-де “Бейбітшілік және Келісім Сарайында” Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән фестивалін ұйымдастырады. Концертте Қазақстанның Халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдуллаұлы, Медеу Арынбаев, Алтынай Жорабаева, танымал «МузАрт-Live» тобы, «Евровидение-2017» халықаралық конкурсының лауреаты Кристиян Костов және өзге өнер шеберлері өнер көрсетеді деп күтілуде. Әдемі әндер кешіне, Шәмшінің кешіне келіңіздер! Билеттерді мына сайттан: https://kassir.kz/  алуларыңызға болады.