
2017 жылдың 3 қыркүйек күнi “Бейбітшілік және Келісім Сарайында” Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінiң ұйымдастыруымен, Шәмші Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” атты халықаралық ән фестивалі болып өтті. Концертте Қазақстанның Халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдуллаұлы, Медеу Арынбаев, Алтынай Жорабаева, танымал Рүстем Нұржігіт, “МузАрт-Live”, “VoX Acapella” топтары, “Евровидение-2017” халықаралық конкурсының лауреаты Кристиян Костов және өзге өнер шеберлері өнер көрсетті.