2017 жылы 30 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театрында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» дәріс өткізілді. Шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Дәріске Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Мінберге көтерілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бас маманы Рахматулин Асқар Рашидұлы, республикалық «Жаңару» жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің Астана филиалының директоры Рахметуллин Дәулеткерей Рахметоллаұлы, Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Мұхамбеталина Нарима Абылқызы, «Транспаренси Қазақстан» Қамқорлық кеңесінің мүшесі Светлана Арыстамбаева Андреевна баяндама жасады. Шара барсында сұрақтар талқыланып, бейнеролик көрсетілді.