«Қазақ аруы-2017»

2017 жылы 19 наурыз күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» «Опера» залының сахнасында «Қазақ аруы-2017» ұлттық сұлулық байқауы болып өтті. Байқауға қатысатын аруларға қойылатын талаптар – қазақ тілін жетік меңгеру, сұлу, ақылды және талантты болу, бойы 170 см-ден жоғары болуы шарт. Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-дан аса 16-22 жас аралығындағы қыздар кастингке қатысты. Олардың арасынан іріктелген 16 ару финалда сынға түсті.
Әділ-қазылар алқасының құрамында Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, белгілі тележурналист Динара Сәтжан, Олимпиада чемпионы Даняр Елеусінов, ақын Қалқаман Сарин, белгілі тележурналист Айгүл Мукей, дизайнер Аида Кауменова, «Қазақ аруы-2016» гран-при иегері Альмира Ахатова, жоба продюсері және идея авторы, Баян Есентаева болды.
Қазылар алқасының төрайымы – ҚР Парламент Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова.
Шешуші сында жеңіс Батыс Қазақстан облысының өкілі Нұргүл Асановаға бұйырды. Бірінші орынға Қызылордалық Зуxра Сайпи лайық деп танылса, Ақтөбелік Гүлжанат Жұмажанова екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Қарағанды қаласының намысын қорғаған Әйгерім Орынбекова түйіндеді.
Байқау финалы 22 наурыз күні «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.