
2017 жылы 5 маусым күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайына» Қырғызстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Құдайбердиева Гүлмира Кәрімқызы келді.
Шетелдік қонақтарға Сарай бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, экскурсия соңында Гүлмира Кәрімқызы «Қадірлі қонақтар кітабына» өзінің жылы лебізін жазып қалдырды.