Жаңалықтар
11.12.2019
Бейбітшілік және Келісім Сарайының «Құланшы» заманауи өнер орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «НОВЫЙ МИР» бейнелеу өнері бойынша мастер-класс өтті

11.12.2019 жылы «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Бейбітшілік және Келісім Сарайының «Құланшы» заманауи өнер орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «НОВЫЙ МИР» бейнелеу өнері бойынша мастер-класс өтті.  Жоба қайырымдылық «DARA» қорының қолдауымен өтті.

Жоба туралы:

Мастер-класс ерекше қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру және арттыру мақсатында өткізіледі. Студия Бейбітшілік және Келісім Сарайының «Құланшы» заманауи өнер орталығында соңғы жеті жыл бойы жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде бейнелеу өнерін зерттеудің алғашқы кезеңдерінен өткен балалар жоғары оқу орындарына түсіп, өнер әлемінде өзінің network-терін құрып үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Аталмыш іс-шара ерекше қажеттіліктері бар балаларға өз бойында жаңа қырларды ашуға, өзінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және таланттарын лайықты пайдалануға мүмкіндік беру үшін ұйымдастырылды.