06.12.2019 елордалық Бейбітшілік және Келісім Сарайында Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Салтанатты шараға елорда әкімі Алтай Көлгінов, Парламент депутаттары, мәдениет қайраткерлері, Әбіш Кекілбаевтың жұбайы қатысты.