Жаңалықтар
16.10.2019
Бейбітшілік және Келісім Сарайында келісім күніне арналған республикалық конференция өтті

    16.10.2019 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты республикалық конференция өтті. Конференция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен болды. Конференцияға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстанның діни және ғылыми қауымдастық өкілдері, жастар ұйымдары өкілдері қатысты.

   Іс-шара қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макеннің құттықтау сөзімен ашылды. Жиында, композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету департаменті директоры Қарлығаш Қалилаханова, т.б. баяндама жасап, бірлік пен тұрақтылықтың маңыздылығы, Н.Назарбаев орталығының діндер, конфессиялар, ұлттар мен этникалық топтар арасында өзара құрмет пен толеранттылық идеяларын ілгерілету бойынша әлемдік және дәстүрлі діндер сьезінің мақсаттарын қамтамсыз етумен айналысатыны айтылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлемде бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.


#бейбітшілікжәнекелісімсарайы

#дворецмираисогласия                       

#нұрсұлтанқаласыәкімдігі

#акиматгороданурсултан

#akimatofnursultan

#palaceofpeaceandreconciliation

#дпзонұрсұлтан

#ципрнурсултан

#ciprnursultan