«Бесік» залы – бұл пирамида шыңы – оның күмбезі, ол жерден әлемнің ең жас астаналарының біріне ғажайып көрініс ашылады. Залдан Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясы «Ак Орда», Қазақстан Республикасы Үкімет үйі, Жоғарғы Сот ғимараттары, қала символы «Астана – Бәйтерек» монументі, «Қазақ елі» монументі, қаланың оң және сол жағалауларын қосушы Астананың әдемі көпірлері көрінеді. Сарай мен Президент резиденциясы арасында Президенттік саябақ салынған. Қабат өзіндік шыны күмбезді бейнелейді, ағылшын суретшісі Брайн Кларк жобалаған.
Бұл ашық күн сәулесі шуағындағы ашық аспанда қалықтаған көгершіндер ғажайып суреті – өнердің нағыз бірегей туындысы, витраждық шыныдан жасалған. Пирамиданың шыңы болып табылатын үлкен шыны күмбез бізді Қазақстанда тұратын ұлттарды символдаушы және Қазақстанның бірыңғай халқын көрсетуші130 көгершін ойнақтаған аспанға қарсы тастайтындай. Зал сыйымдылығы 100 адам. Зал суперзаманауи ілеспе аударма техникасымен жабдықталған.
Залдасандықконференц–жүйебар:
100 орынға есептелген және дыбыс құрылғаларының стандартты жинағымен бірге іс-шара өткізу ү.шін «Бесік» залын ұсыну бойынша қызметтер құны 750 000 теңгені құрайды.