Атриум залы – ғимараттағы ауданы бойынша ең үлкен зал. Оған салтанатты баспалдақ апарады. Ауданы – 2185 шаршы метр. Алпауыт зал мәрмәр ақшылдығымен және асылдығымен көздің жауын алады. Зал айналасында орналасқан терезелерден күн шуағы төгіліп тұрады, одан әрі ол терезе-күн арқылы Опера залына өтеді. Витражды шыны қалыңдығы 4,5 см. Шынылар қабаты араларында көгершін бейнесі бар сетка тартылған. Залдың барынша көп сыйымдылығы 400-500 адам.