2016 жылдың 4 – ші мамыр күні «Бейбітшілік және келісім сарайында» Астана қаласының №37 – ші орта мектептің 1–ші және 4–ші сынып оқушыларының қатысуымен 7–ші мамыр «Отан қорғаушылар күніне» арналған мерекелік іс –шара болып өтті. Іс–шараға Ауған соғысының қатысушысы, Бейбіт Қабдешұлы Молдабеков, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, КСРО Ішкі әскери – теңіз флотының солтүстігінде борышын өтеген, Амангелді Қапенұлы Таушев қатысты. Кездесу барысында оқушылар қонақтарды «Отан қорғаушылар күнімен» құттықтап, оларға арнап «Ақ көгершін» және «Бравые солдаты» әнін шырқады.
«Отан отбасынан басталады» демекші, бұл кездесуде Қазақстанның Қарулы–Күштері мен әскери құрылымының қалыптасуы, дамуы жайлы ақпараттар айтылып, Отан қорғаушылардың ел алдындағы міндеті өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тәрбиесінде алатын орны ерекше екені аталып өтті.
Шара соңында «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында қадірлі қонақтарға арналған экскурсия ұйымдастырылып, сарайдың құрылу тарихымен таныстырылды.