Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

 
“Астана EXPO-2017” көрмесінің шеңберінде, Бейбітшілік және Келісім Сарайының Тәуелсіздік даңғылы бойындағы орталық кіреберісінде «Аида» (15 маусым), «Қыз Жібек» (5 шілде) опералары, «Дон Кихот» балеті (25 маусым), «Open Air Symphony» (22 шілде) іс-шаралары өткізілмекші. Осыған байланысты, орталық кіре беріс уақытша жабылады. Бейбітшілік және Келісім Сарайы өз келушілеріне құрмет білдіре отырып, оларға ыңғайлы жағдайлар жасауға тырысады, сондықтан өз қызметін одан әрі жалғастырып, ғимаратқа кіруді А. Байтұрсынұлы көшесі жағындағы («Highwill» тұрғын үй кешені) кіреберісте ұйымдастырып отыр. Сіздерді көруге әрқашан қуаныштымыз және күн сайын сағат 10:00-20:00 аралығында елордамыздың бірегей ғимаратын тамашалауға шақырамыз!
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
#МАКСИМАЛДЫРЕПОСТ
#АРНАЙЫЭКСКУРСИЯЛАР
#БЕЙБІТШІЛІКЖӘНЕКЕЛІСІМСАРАЙЫ
#БИЛЕТТЕРСАРАЙКАССАСЫНДА