Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезді

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезді

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев бастамасы бойынша 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада алғашқы рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезді өтті.

Алғашқы дінаралық форум жұмысына ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм, буддизм айрықша беделді өкілдері қатысты.   

Форум жұмысына құрметті қонақтар ретінде Әділет министрі – Сауд Аравиясы Патшасының арнайы өкілі А.Аль Аш-Шейх, вакуфтер министрі – Египет Президенті арнайы өкілі М.Закзук, Жапония  экс-Премьер-Министрі Ц.Хата, БҰҰ Бас Хатшылығы арнайы өкілі В.Сотиров сынды атақты саясаткерлер ат салысты.

Конфессия аралық форум өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасын жүзеге асырудың сөзсіз табысы болып Съезд өкілді құрамы мен қатысушылардың жоғары деңгейі болды.

Съезд өркениетаралық және мәдениетаралық диалог глобальды үдерісіне елеулі үлес болды. Форум әлемдік қоғамдастықтың өркениет дағдарысы мен мәдени және діни айырмашылықтар негізінде шиеленістерін еңсеру, толерантты, тұрақты әлем құру, тұрақты дамуға қол жеткізу   бойынша күшін бейнеледі. 

2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезді өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізуге салынған «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.  Іс-шараға 26 дін лидерлері (оның ішінде ислам 7 өкілі, христиан 7 өкілі, буддизмнен 4 өкіл, иудаизмнен 2 өкіл, синтоизм, даосизм, индуизм әрқайсысынан 1 өкілден және 2 халықаралық дін ұйымының басшылары) және Еуропа, Америка, Азия, Африка және Жақын Шығыстың 26 елінен 14 құрметті қонақ ат салысты. Барлық қатысушылар саны 160-тан астам адамды құрады. Астанаға алғаш рет Ливиядан, Тайландтан, Армениядан, Оңтүстік Кореядан делегациялар, сонымен қатар АҚШ, Швейцария басқа халықаралық діни ұйымдар басшылары келді. Форумға құрметті қонақтар ретінде атақты саясаткерлер, халықаралық ұйымдар, мемлекет басшылары қатысты.   

II Съезд сенімді бекітуге және өзекті тапсырмаларды шешуде және бірлескен әрекеттерді жасауда әлемнің негізгі конфессиялары арасында конструктивті бірлестікті орнатуға бағытталған болатын.

Съезд жалпы «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» тақырыбында екі бағыт бойынша: «Дін тұту еркіншілігі мен басқа діндер ізбасарларын құрметтеу» және «халықаралық қауіпсіздікті бекітудегі дін көшбасшыларының рөлі» өтті. 

III Съезд басты тақырыбы ретінде рухани көшбасшылар – әртүрлі діндер шіркеушілерінің рөлі орын алды, оларға   қазіргі қиын кезеңде толеранттыққа, өзара сыйластық пен бірлестікке негізделген әлемді құруға ерекше үміт артылған. 

Съезд өткізудегі жаңа кезең болып сондай-ақ заманауи әлемдегі бейбітшілікпен, келісіммен және диалогпен байланысты өткір мәселелерді талқылау бойынша секциялық мәжілістерді құру болды. III Съездте секциялық мәжілістер үшін келесі тақырыптар таңдалды: 1) Моральдық және рухани құндылықтар; 2) Әділеттілік, бейбітшілік пен қауіпсіздік; 3) Қоршаған орта мен үйлесімділік; 4) Диалог пен бірлестік; 5) Ынтымақтастық, әсіресе дағдарыс кезеңінде. Секциялық мәжіліс өткізудің басты мақсаты – кез келген мәселені позитивті шешудегі рухани көшбасшылар рөлін арттыру, өзара сыйластық пен бірлестікке негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге олардың шамаға шақ үлестерімен үйлесімде.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездін шақырту бастамасы, өздігінен әмбебап бола тұрып, әртүрлі мемлекеттер, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың дінаралық және мәдениет аралық диалогты жылжыту бойынша күштерін толықтыратындығын атап өткен жөн. Сондықтан берілген форум ғаламшардағы бейбітшілік пен келісімді алға тарту үшін тиімді диалогтық алаң ретіндегі мойындаушылыққа йе болды.  Форум жетістіктерінің бастыларының бірі болып бір үстел басына тек дін көшбасшылары ғана емес, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерінен келген достастық пен бейбітшілікті өмірге бірлікпен шақырумен сөз сөйлеген ықпалды саясаткерлер болды, ал оның күн тәртібі қазіргі заман өзекті мәселелерінің кең өрісін қамтуға мүмкіндік береді.         

Қазақстан осындай бағыттағы бастауларды қолдайды.