
2017 жылдың 22-қыркүйек күні “Бейбітшілік және Келісім Сарайында” Астана Медициналық Университетінің 1 курс студенттерін қабылдау кешi болып өтті. Шараға барлық 1 курс студенттері қатысып, университет өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Кеште университет ректоры Мажит Зейнуллаұлы Шайдаров бастаған факультет декандары мен оқытушы құрамы болды.