«АСТАНА – ТАЗА ҚАЛА!» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІГІ


Бүгін, 16 қыркүйек Астана қаласында жалпықалалық сенбілік болып өтті. Сенбілік аясында Елордадағы барлық мемлекеттік мекемелер ізгі шараға қатысты. Аталмыш қалалық іс-шараға «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» да өз үлесін қосты. Сарай қызметкерлері ғимарат аумағын қоқыстардан тазартып, қоқыстарды арнайы жерге тасымалдады.