“САМҒА БАЛАПАН” КОНЦЕРТІ

2017 жылдың 23-қыркүйек күні “Бейбітшілік және Келісім Сарайында” кішкентай көрермендердің көзайымы, еліміздегі алғашқы балалар арнасы “Балапанға” 7 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Самға, балапан” мерекелік кеші өтпек. Кеште 7 жылда атқарылған игі істердің нәтижесі ретінде арнаның “үздіктері” марапатталады. “Балапанның” қуанышын бөлісуге арнайы Маржан Арапбаева, “Алау” тобы, Арай Айдарxан, Қайрат Баекенов пен “Формат” тобы келеді.