2017 жылы 24 наурыз күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» «ЕХРО-2017» шарасы аясында «Нұрсәулемай» Хореографиялық ансамбілінің 15-жылдығына арналған «Би қуаты – өмір шуағы» атты концерт болып өтті. Ансамбль «Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының» МҚК негізінде 2002 жылы құрылған болатын. Ұжымның негізін қалаушы, басшысы Меруерт Жараспаева.
Концерттік бағдарламаға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Дос, Ағайынды Жүгінісовтер және де өзге өнер иелері қатысты. «Нұрсәулем-ай» шығармашылық ұжымы әлем елдерінің билерін қолданып, хореографияның түрлі жанрында жұмыс істейді. Сонымен қатар театрландырылған қойылымдарға би қоюмен қатар, қалалық шараларға қатысады. Қазақ халқыныңы ұлттық-сахналық биі ансамбль репертуарында маңызды орынға ие. Қазақ би өнерiнің зерттелуi және шығармашылығын теориялық жағынан ұғыну ұжым жетекшiсі кәсiби деңгейде жүзеге асыруда.