2017 жылдың 4 шілде күні «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» Опера залының сахнасында «Көңілді тапқырлар алаңы» әзілкештері арасында кезекті ойындары болып өтті. Ойында 12 команда сынға түсті.
Айта кететіні, «ММ» «Қазақ эстрада жұлдыздары», «Тек қана қыздар» командалары тамаша өнер көрсетті.
Өнерпаз топтардың тапқырлығын Астана қаласының Мəдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым вице-министрі Эльмира Амангелдіқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, продюсер, әнші Қыдырәлі Болман, продюсер, КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев, тележүргізуші Айнұр Тұрсынбаева бағалады.
«ММ» командасы Астана қаласы әкімінің Кубогының иегері атанды. Жеңімпаздар 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.