Бейбітшілік және Келісім сарайы

                                       МКҚК «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ»

Бейбітшілік және Келісім Сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Жоба авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Роберт Фостер.

Елордада Пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса деген идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І-ші съезінде ұсынған болатын. Мемлекет басшысының идеясы съезге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі конфессиялардың көшбасшыларының үлкен қолдауын тапты.    Әлемнің ең жас елордасы Астана қаласында 2006 жылы қайта қауышқан съезд делегаттары екінші бас қосуын жаңа, бірегей ғимарат – Бейбітшілік және Келісім Сарайында өткізді.

Пирамиданың негізі 63×63м, биіктігі 63 м. Ғимараттың сыртқы беті ішкі бейнені көрсететін әйнек және тас плиталармен қапталған, ал пирамиданың төбесі, яғни күмбезі – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін суреттейтін 130 ақ көгершін бейнеленген нағыз өнер туындысы атақты суретші Брайн Кларктың витражымен безендірілген.

Жаңа сарайдың салтанатты ашылу рәсімінде әлемнің классикалық музыкасының жарық жұлдызы Монсеррат Кабалье өнерін паш етті.

Сарайда экскурсия қызметі демалыссыз жұмыс істейді.

Экскурсиялар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.

 

Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы,

Тәуелсіздік даңғылы,57

Тел.: +7 (7172) 744 744

Факс: +7 (7172) 744-745

Веб-сайт: astana-piramida.kz

E-mail: [email protected]