Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақ аруы-2019» ұлттық сұлулық байқауы өтті

2019 жылы 19 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақ аруы-2019» ұлттық сұлулық байқауы өтті. Әсем тәждің иегері – Павлодар қаласының сұлуы Сәния Темірханова болды.

3 орын – Сая Тұрсынбекова (Павлодар қаласы);

2 орын – Вайдурова Анна (Астана қаласы);

1 орын – Айханым Орынбекова (Қарағанды қаласы).

Ақтық сайыста қатысушылар қазақстандық дизайнерлердің киімдерін көрсетіп, шығармашылық кезеңге қатысып, интеллектуалдық байқауда сұрақтарға  жауап берді. Қатысушылардың әрқайсының өз «ерекшелігі» болды, сондықтан барлығы ең жоғары деңгейге шығуға тырысты.

Естеріңізге сала кетейік, байқауға бүкіл Қазақстаннан 18 қатысушы қатысты, ал қазылар алқасы ҚР шығармашылық элитасының өкілдері: Айгүл Мүкей, Динара Сатжан, Қарақат Әбілдина, Болат Мажағұлов, Ерік Жолжақсынов, Арман Сейтмамыт, жоба продюсері Баян Алагузова,

«Қазақ аруы-2018»  гран-при иегері Набира Рахымжан, қазылар алқасының төрайымы-ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Бірғаным Айтимова.

«Қазақ аруы»  ерекше байқау болып саналады, себебі онда қатысушылардың табиғи сұлулығы ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының тілін  және салт-дәстүрін жақсы білу бағаланады. Алғашқы кастингтен финалға дейінгі қатысушылардың  өткен жолы өте ауыр болды.