Бейбітшілік және Келісім Сарайында әлемнің түркітілдес жастарының Жайдарман фестивалі өтті.

14.06.2019 жылы Бейбітшілік және Келісім Сарайында әлемнің түркітілдес жастарының Жайдарман фестивалі өтті. Түркі тілдес мемлекеттерден келген командалар мен қазақстандық топтар арасында жайдарман сайысына барлығы 10 команда қатысты. Оның 6 шетелдік, 4 қазақстандық топ. Олар:

1.​«Қазақстан халқы ассамблеясының құрамасы» Нұр-Сұлтан қаласы

2.​ «Моңғолия елінен Баян өлке құрамасы»

3.​«Біз қазақпыз» Екібастұз қаласы

4.​ «Қарақалпақстан құрамасы» Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласы

5.​«Башқұртстан құрамасы» РФ Уфа қаласы

6.​ «Ноғай құрамасы – Алтын орда» РФ Ноғай ауданы

7.​Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті «Бүгін.kz» Шымкент қаласы

8.​«Татарстан құрамасы» РФ Қазан қаласы

9.​ «Миллион» – «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы

10.​ «Позитифф» Қырғызстан Республикасы Бішкек

Өнер көрсеткен командаларға қазылар тиісті ұпай сандарын үлестіріп, жеңімпаздарды анықтады.
Сайыс нәтижесі:

150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған III орын иегерлері:

-​«Моңғолия елінен Баян өлке құрамасы»

-​«Қарақалпақстан құрамасы» Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласы

-​«Башқұртстан құрамасы» РФ Уфа қаласы

300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған II орын иегерлері:

-​«Позитифф» Қырғызстан Республикасы Бішкек

-​«Бүгін.kz» Шымкент қаласы


1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болған I орын иегерлері:


-​«Ноғай құрамасы – Алтын орда» РФ Ноғай ауданы

«Үздік ойыншы» аталымына «Татарстан құрамасының» ойыншысы – Наиль Салаxов (Шалқан) лайық деп танылды.