Халықты жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

2017 жылдың 22 қыркүйегінде «Жастар» сарайында Халықты жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге Астана қаласы әкімдігінің “Бейбітшілік және Келісім Сарайы” МКҚК мекемесі қатысты.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне елорданың түрлі саласындағы 70 жұмыс беруші несие кеңесшілері 500-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 105 адам жұмыс берушімен сұхбаттасудан сәтті өтіп жұмысқа қабылданды, тағы 87 адам қосымша сұхбаттасуға шақырылды. “Бейбітшілік және Келісім Сарайында” Бас инженер, Бас суретші, Киім ілуші, Экскурсия жүргізушісі, Инженер-жарық қоюшы , Сахна жабдықтарына қызмет көрсету технигі, Ғимаратқа қызмет көрсету жұмысшысы, Еден жуушы, Бақылаушы инспектор, Аға бақылаушы Инспектор, Әкімшілік-кадрлық жұмыстары бөлімінің басшысы мамандықтары бойынша жәрмеңкеге ашық жұмыс орындарын жариялайды.