Алғашқы рет Астана қаласының 20 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан Халқы Ассамлеясының XXVI сессиясының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік және Келісім Сарайында» «Астана – Ұлы дала інжу-маржаны» атты фотокөрме болып өтті.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш көрме осыған дейін үстіміздегі жылдың сәуір айында Ресей астанасы Мәскеуде және Испанияның Мадрид қаласында ұсынылған еді. Таяу арада фотокөрме Санкт-Петербург, Пекин, Лондон, Берлин және Париж қалаларында жалғасын табатын болады.
Көрмеге ұсынылған 40-қа жуық картиналар арасында Астана қаласының сәулетті ғимараттарымен қоса Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының делегаттары, белгілі қоғам және саяси қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары, этномәдени орталықтардың өкілдерімен дипломаттары да бар.