2016 жылдың 11 желтоқсаны күні кешкі сағат 17.00-де «Бейбітшілік және Келісім сарайында» Нұрлан Сабуровтың «Stand up Brand New Show» жеке концерті өтті. Нұрлан Сабуров – «Comedy Club» продюсерлік орталығының резиденті, қазақтың жас сықақшысы, ресейлік ТНТ арнасындағы «StandUp» шоуының труппасына енгеннен кейін кең танымалдыққа ие болған. Нұрлан – Солтүстік Қазақстандағы Степногорск қаласында туып-өскен.