«ҚЫЗ ЖІБЕК» ОПЕРАСЫ АЛҒАШҚЫ РЕТ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ҚОЙЫЛАДЫ

2017 жылы 5 шілде күні сағат 22.00-де «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» алаңында «Қыз Жібек» операсы сахналанады.

Либретто авторы – драматург Ғабит Мүсірепов. Музыкалық жетекші, әрі қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абзал Мұхитдинов, Хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ержан Дәуітов.

Опера тұсаукесері 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының сахнасында өтті (қазіргі Абай атындағы МАОБТ). 1936 жылы мамыр айында Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиетінің алғашқы онкүндігінде көрсетілген «Қыз Жібек» зор әсер қалдырды.

Басты партияларда әр уақытта КСРО халық әртістері К. Бәйсейітова, Р. Жаманова, Б. Төлегенова, Қазақ КСР Халық әртістері Қ. Бәйсейітов, М. Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Қазақстанның Халық әртісі Н. Үсенбаева және басқалары тамаша орындады.