«РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» МЮЗИКЛІ

2017 жылдың шiлде айының 18-i мен 30-ы аралығында Астана қаласының «Бейбітшілік және Келісім сарайында» ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасын ұйымдастыру аясында «Ромео мен Джульетта» мюзиклі өтеді.
Шығарманың негізіне Уильям Шекспирдің классикалық пьесасы бойынша жазылған Жерар Пресгюрвиктің француз мюзиклі арқау болып отыр. Продюсерлері Жерар Лувэн, GLEM және UniversalMusic болған алғашқы спектакль 2001 жылы 19 қаңтарда Парижде өткен.
Бүгінгі таңда мюзикл француз, голландия, орыс, ағылшын, неміс, итальян, венгер, корей, жапон, испан, иврит тілдерінде қойылды. Пьесанның аударма авторы – Гүлнар Салықбаева, ал қоюшы режиссері – Асхат Маемиров.
Қойылымды көрермен назарына «Астана мюзикл» театрының талантты актерлері ұсынатын болады.
Билеттерді мына сайттардан www.expo2017culture.kz , www.ticeton.kz,www.sxodim.kz алуларыңызға болады.