«Балаларға мейірімді Қазақстан» конференциясы.

2016 жылдың 21-22 қараша күндері «Бейбітшілік және келісім сарайында» «Балаларға мейірімді Қазақстан» атты пленарлық және диалогтық сессия форматындағы конференциясы болып өтеді.

 Аталмыш конференция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы мен БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) 70 жылдық мерейтойына арналады.

Конференцияның алға қойған мақсаты  – балалар құқығы жөніндегі өзекті сауалдарды әлемдік деңгейде одан әрі дамытып, халықаралық, ұлттық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру. 

Сондай-ақ конференцияға алыс және жақын шетелден 1000-ға жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдары да белсенділік танытады.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Қазақстан Республикасы балалар құқығы жөніндегі уәкілеттілік, ҚР Білім және ғылым министрлігі, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі.