КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫ-2017

«Бейбітшілік және Келісім Сарайының» Опера залының сахнасында 2017 жылы 7-8 ақпан күндері «Көңілді тапқырлар алаңының» әзілкештері арасында маусымашар ойындары өтті. Жоба жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. Аталмыш сайыста еліміздің қалаларынан жиналған 14 команда қатысты.
Өнерпаз топтардың тапқырлығын Астана қаласының Мəдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым вице-министрі Эльмира Амангелдіқызы, “Балапан” телеарнасының директоры, тележүргізуші Лəйлə Сұлтанқызы, сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері, қазақ эстрадасының жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Қайрат Баекенов, актер Қанат Әлжаппаров, өткен жылдың үздік ойыншысы, «Аралал-Ас» командасының капитаны Ғалым Махамбетов бағалады.
Қызықты өнер додасында әділқазы алқаларының кубоктарына «Жерұйық», «Қалалар құрамасы», «ММ орталығының құрамасы», «13 аймақ», «Қарағанды» «24 сағат», «Қызылорда» құрамалары қол жеткізіп, келесі айналымда Б-тобында өнер көрсететін болады.