«Ақтастағы Ахико» драмасы – М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының 91 маусымының алғашқы премьерасы. Театр бұл жаңа қойылымын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр.
Қарлагты зерттеуші, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлдің идеясы бойынша драматург авторы Мәдина Омарова жазып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асхат Маемиров сахналаған бұл қойылым театр ұжымының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған үлкен жобасы.
Спектакль 29 қараша күні Бейбітшілік және Келісім Сарайынының Опера залының сахнасында көрсетіледі. Басталуы сағат 19.00-де.