2016 жылғы 28 қазанда «Бейбітшілік және келісім сарайында» жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтеді. Оның аясында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысады.
Кеш қонақтары қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова және «Қорқыт» оркестрі.