Қазақстанда саяси-қуғын сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу күні

31 мамыр күні “Бейбітшілік жəне Келісім” сарайының қызметкерлері саяси қуғын-сүргінге жəне тоталитаризм құрбандарына “АЛЖИР” ескерткішінің қабырғасына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Бұл іс-шара 20 ғасырдағы 30-50 жылдардағы қайғы-қасірет күндерді жəне оқиғаларды есте сақтауға, тоталитаризмге ұшыраған құрбандарға әділдікті қалпына келтіруге, өскелең ұрпаққа патриоттық тəрбиені қалыптастыруға, мұражай қызметін көбейтуге бағытталған.
Іс-шара біткеннен соң, шақырылған қонақтарға мұражай залдарында экскурсия жүргізілді. “АЛЖИР” мұражай-мемориалдық кешеніне келген қонақтар сталиндік вагонымен, “Қайғы қақпасы” монументімен, естелік белгілермен, мұражай ғимаратымен “Көздің жасы” ескерткішімен, “Үмітсіздік пен əлсіздік” композициялық мүсінімен жəне “Күрес пен үміт”, барак пен еске алу қабырғасымен танысты.