Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай «111» Call-орталығы жұмысын бастады

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) 70-жылдығы аясында «Бейбітшілік және келісім сарайында» 2016 жылдың 21 қарашасында өткен «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясының барысында балалар мәселесіне арналған «111» нөмірлі Бірыңғай Call-орталықтың ашылғандығы хабарланды.
Балаларға арналған «111» нөмірлі Call Center ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиеваның бастамасымен құрылды. Call-орталық балалар құқықтары, зорлық-зомбылық және әлеуметтік мәселелрге қатысты шағымдар мен арыздарды қабылдайды. Орталықта келіп түскен қоңырауларды жоғары дәрежелі заңгерлер, психологтар және педагогтар секілді кәсіби мамандар сараптап, көмек көрсетеді.