Бейбітшілік және Келісім Сарайында Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында «Астана кубогі» үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті.

15.06.2019 жылы Бейбітшілік және Келісім Сарайында Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында «Астана кубогі» үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті. Республикалық арнайы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылды.

⠀

Сайысқа барлығы 11 жайдарман тобы қатысты.

1. “Жаңа толқын” – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті

2. «Ақпен бірге» – Қазақ Ұлттық  Университеті

3. «Дастан» – Л.Н. Гумилев атындагы университеті

4. «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы

5. «Евразиат» – Л.Н. Гумилев атындағы университеті

6. «Бүгін.kz» – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті

7. «Шатыр» – Семей қаласы

8. «ОҚМПУ» – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

9. «Ару.kz” – Арқалық

 10. “Тұран –Астана” – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.

11. «Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы

⠀

Осы аталған 11 команданың ішінен әзілдері жоғары бағаланып, бағы жанғандары:

3-орын «ОҚМПУ»⠀

2- «Қызылорда құрамасы» иеленсе, «Астана кубогін» яғни

1- орынды «Милион» жайдарман тобы еншіледі.

⠀

Сонымен қатар, сайыс барысында ширек финалдан сүрінген командаларға жоғары лиганың жартылай финалына жолдама берілді. Олар:

— «Тұран-Астана»

— «Қызылорда құрамасы»

— «Миллион» жайдарман топтары.

000000