Жаңалықтар
29.10.2019
Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» МКҚК қызметкерлерінің және ақпараттық-түсіндіру тобының спикерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті

      29 қазанда Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» конференц-залында «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауы: Әлеуметтік және қоғамдық жаңарту курсы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру тобының спикерлері мен «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

      

    Іс-шараның ұйымдастырушылары – «Бейбітшілік және Келісім Сарайы» бас директорының м.а. Амирова Дильбар Садыковна. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында қойылған басым міндеттерді талқылау.

Дильбар Садыққызы атап өткендей, «Мемлекет басшысының Жолдауы елдегі әлеуметтік-саяси процестердің негізгі элементі және қоғамдық болмыстың жұмсақ жаңартылуы» болып табылады. Дөңгелек үстелде мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасының жаңа форматы, халықпен кері байланыстың жаңа тетіктері қажет екендігі атап өтілді. Бұл тұрғыда мәдениет қызметкерлері – қоғамдық көңіл-күйдің көрсеткіші болып табылатын ең серпінді әлеуметтік қабат. Президент жолдауы саяси маусымын ашады. Мемлекет басшысы елдің одан әрі дамуын белгіледі. Президент жаңа маусымның күн тәртібін қалыптастыра отырып, барлық мәдени қоғамдастыққа және мәдени институттарға үндейді.

        Іс-шараға қатысушылар «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» қызметкерлері Мемлекет басшысының барлық әлеуметтік бастамаларын қызығушылықпен қабылдайды, сондай-ақ қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыруға өз көмегін көрсетуге дайын екенін атап өтті.

        Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, азаматтық қоғамды дамыту, руханилық, мәдениет және басқа да мәселелер талқыланды.