ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XVI ОТЫРЫСЫ

2017 жылы 18 мамырда “Бейбітшілік және Келісім сарайында” Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVI отырысы өткізілді. Отырысқа ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизм, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары, оның ішінде БҰҰ Өркениеттер Альянсының директоры Метью Ходс, Дүниежүзілік бейбітшілік хабаршысы Кеңесінің Бас хатшысының Пичаи Товивич, Біріккен Араб Әмірліктері толеранттылық мәселелері жөніндегі министрінің кеңесшісі Рашид әл-Тунайджи және басқалар қатысты. Іс-шара барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІ съезінің өткізілетін күні белгіленді.
Кезекті съезд 2018 жылы 10-11 қазан күндері Астана қаласында өтеді. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Хатшылығының қатысушылары бейбітшілік пен достықтың нығаюына қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің жарлығымен “Шапағат” жəне “Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы” медальдарымен марапатталды.