«АСТАНА ҚҰШАҒЫНДА!» атты 12-ші «Шаттық-2018» шығармашылық байқауы

«Бейбітшілік және Келісім Сарайында» «АСТАНА ҚҰШАҒЫНДА!» атты 12-ші «Шаттық-2018» балалар мен жасөспірімдер ашық шығармашылық байқауы өттедi!

Қатысушылар: Астана қаласы мектеп, лицей, гимназия, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің оқушылары

Сәуір айының 9-нан бастап жеті мыңнан астам қатысушы әр түрлі алаңдарда хореография, вокал, бейнелеу өнері, ерекше жанр, киім дизайны салалары бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздарды дайындаған 217 ұстаз алтын, күміс және қола деңгейіндегі сертификаттармен марапатталды. Байқауда 100 – қола, 72 – күміс, 45 – алтын жүлде ойнатылды.

18 мамыр сағат 17.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында алтын жүлде иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді, сонымен қатар, Астана қаласының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Шаттық-2018» байқауының Гала-концерті өтеді. Кештің қадірменді қонақтары арасында әлемнің 11 мемлекетінен келген балалар мен жастардың формалды емес білім беру мекемелерінің Еуропалық ассоциациясы мүшелері: Германия, Нидерланды, Ресей, Чехия, ОАР, Литва, Латвия, Чехия, Грузия, Болгария, Беларусь, сонымен қатар қала Әкімі – Ә.Ө. Исекешев.