Бейбітшілік және Келісім Сарайында «Маусымашар 2019-Жайдарман» Республикалық фестивалінің XV маусымының гала-концерті өтті.

10.02.2019 жылы Жастар жылы аясында Бейбітшілік және Келісім Сарайында «Маусымашар 2019-Жайдарман» Республикалық фестивалінің XV маусымының гала-концерті өтті. Гала концертте Қазақстанның бірнеше өңірлерінен келген 13 команда өздерінің үздік әзіл – сықақ бағдарламаларын көрсетті – «Евразиат» – Астана, «Шатыр» – Семей, «Қызық жігіттер» – Арыс, «Бәйішев құрамасы» – Ақтөбе,  АУЭС  құрамасы «Аялдама» – Алматы, «Шипов станциясы» – БҚО, «Жалын» – «Өзенмұнайсервис» – Жаңаөзен, «Teso.kz» -Алматы, «Сатпаев құрамасы» – Сәтпаев, «Бүгін.kz» -Шымкент, «Юсуф қарындастары» – Алматы, «Элемент» – Семей, «Байдың балалары» – Шымкент.